×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қазақстан мен Әзербайжан жаңа мегажобаны қашан іске қосатыны белгілі болды

Бүгін, 18:09
Қазақстан мен Әзербайжан жаңа мегажобаны қашан іске қосатыны белгілі болды
picture-alliance/dpa

Қазақстаннан Әзербайжанға тартылатын оптикалық-талшықты кабельді жүргізу жұмыстары келесі жылдың жазында басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрінің орынбасары Самеддин Асадовтың мәліметінше, кабельді төсеу жұмыстары толық аяқталып, желі 2026 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Оның айтуынша, бұл жоба цифрлық дәліздің маңызды бөлігіне айналып, Әзербайжанның өңірлік ІКТ-хабқа айналуына жол ашады.

— Қазіргі уақытта Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін кабель трассасы бойынша зерттеу жұмыстары аяқталды. Жақын күндері осы зерттеуді жүргізген компания есепті жобаның операторлары мен қатысушыларына ұсынады. Сонымен қатар Каспий теңізінің түбімен жүргізілетін талшықты-оптикалық кабельді өндіру де басталды. Кабельді дайындау 2026 жылдың жазының соңына дейін аяқталады, — деді ол report.az порталына берген сұхбатында.

КОНТЕКСТ

Қазан айының соңында өткен Каспий халықаралық цифрлық форумында Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспары жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары