×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қырғызстанда 22.00-ден кейін жарық өшеді: энергия дағдарысы Қазақстанға жете ме?

Бүгін, 17:57
Қырғызстанда 22.00-ден кейін жарық өшеді: энергия дағдарысы Қазақстанға жете ме?
Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қырғызстандағы жағдайға байланысты Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, Қазақстан күндізгі уақытта электр энергиясын өндіруде профицитті ел болып қала береді. Алайда таңертең және кешкісін сұраныс артатын мезеттерде тапшылық байқалады. Бұл жетіспеушілік импорт есебінен жабылып отыр.

— Бізге ондай қатер төндірмейді. Біз көршілес елдерден электр энергиясын импорттаймыз. Олар — Өзбекстан мен Ресей. Жаз мезгілінде аздаған қырғыз электр энергиясы да келеді. Біз жылына 119 миллиард киловатт-сағат тұтынамыз, ал өндіріс 117 миллиард, — деді министр.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Қырғызстан қазір айтарлықтай энергия тапшылығын бастан кешуде. Токтогул су қоймасындағы судың деңгейі төмендеген соң билік бірқатар шектеулер енгізді: мейрамханалар мен дәмханалар 22:00-ден кейін жабылуы тиіс, мемлекеттік мекемелерге 18:00-ден кейін жарықты өшіру тапсырылды, майнинг фермалары толықтай тоқтатылды. Шенеуніктердің айтуынша, бұл шаралар күз-қыс маусымын тұрақты өткізу және Токтогұл су қоймасындағы аса маңызды су қорын сақтап қалу үшін қабылданған.

Серіктес жаңалықтары