×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Студенттерге ChatGPT қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Бүгін, 19:40
Студенттерге ChatGPT қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Ulysmedia.kz\ЖИ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің оқу жұмыстарында жасанды интеллектті қолдануы туралы пікір білдіріп, «академиялық алаяқтық» қаупіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақордада журналистердің сұрақтарына жауап берген министр қазіргі таңда студенттерге жасанды интеллектті белгілі бір шектеулермен қолдануға рұқсат етілгенін айтты. Жасанды интеллект диссертация және басқа да жұмыстарды дайындау барысында, күрделі есептеулер мен ақпаратты өңдеу кезінде пайдалануға болады.

– Міндетті түрде дереккөзді көрсету қажет. Яғни: «Бұл бөлімді мен мынадай нәрселерді дайындау үшін қолдандым». Қай бөлігінде, қалай қолданылғаны нақты көрсетілуі тиіс, – деді ол.

Шектеулер туралы айта келе, Нұрбек студенттерге диссертацияның қорытынды бөлімін жазу кезінде жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынатынын жеткізді.

– Қорытынды жазуда алгоритмдерді қолдануға болмайды. Яғни, соңғы бөлімді студент-зерттеушінің өзі жазуы керек. Қазір біз мәтін жазу кезінде қандай алгоритм қолданылғанын, қандай қорытындылар жасалғанын анықтайтын қосымшаларды пайдаланамыз. Себебі логика, құрылым, грамматика арқылы мұны нақты бақылауға болады, – деп толықтырды министр.
 

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңына қол қойды.

Серіктес жаңалықтары