×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Дәріханаларға рейд: 150 миллион теңге айыппұл салынды

Бүгін, 21:40
Дәріханаларға рейд: 150 миллион теңге айыппұл салынды
Әлеуметтік желіден

Қазақстанда ІІМ қызметкерлері құрамында есірткі бар және күшті әсер ететін 100 мыңнан астам дәрілік заттың айналымын бақылауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың басынан бері ІІМ «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш кезеңін өткізді. Оның аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері медициналық мекемелер мен жеке дәріханаларды тексерді. Негізгі назар мемлекеттік бақылауға жататын препараттарды сақтау, есепке алу және сату ережелерінің сақталуына аударылды.

– 1200 медициналық мекеме тексерілді. Нәтижесінде көптеген заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде күшті әсер ететін дәрілерді рецептісіз сату фактілері бар. Тексеру қорытындысы бойынша 1000-нан астам материал жасалып, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттеріне жолданды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

Жалпы айыппұл сомасы 150 миллион теңгеден асты.

Әмірхановтың айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Ол қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары