×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

ЕҚЫҰ Ресейге әкетілген украиналық балаларды қайтаруға көмектесуге дайын

Бүгін, 08:25
ЕҚЫҰ Ресейге әкетілген украиналық балаларды қайтаруға көмектесуге дайын
osce.org

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Ресей оккупациялаған аумақтардан әкетілген украиналық балаларды елге қайтарумен айналысатын Халықаралық коалицияға қосылуға ниетті екенін мәлімдеді. Осылайша Ассамблея бұл бастаманың 45-ші қатысушысы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ЕҚЫҰ ПА президенті Жоғарғы Рададағы сөзінде айтты. Ол украиналық балаларды депортациялау және оларды күштеп «орыстандыру» әрекеттері – соғыс қылмысы әрі тұтас бір ұрпаққа ауыр моральдық соққы екенін атап өтті. Bring Kids Back бастамасында Ассамблеяның шешімі маңызды белгі ретінде бағаланды.

– Бұл – заңсыз әкетілген әрбір украиналық баланы үйіне қайтару жөніндегі ортақ мақсатымыз төңірегінде әлем біріккенінің тағы бір дәлелі. Осы бастамаға неғұрлым көп мемлекет пен халықаралық институт қосылса, Ресейге көрсетілетін қысым соғұрлым артып, барлық баланың үйіне оралатын күні жақындай түседі, – деп атап өтті ұйым өкілдері.

Сонымен қатар, Bring Kids Back бастамасы ЕҚЫҰ ПА-ға қолдауы үшін алғыс айтып, балаларды қорғау жолында елдер біріккен кезде әлем әділ бола түсетінін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Bring Kids Back UA – Владимир Зеленскийдің бастамасымен 2023 жылы іске қосылған Украина гуманитарлық бағдарламасы.

Серіктес жаңалықтары