×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қазақстандағы «Лукойл» активтерін ірі мұнай компанияларының бірі сатып алуы мүмкін

Бүгін, 09:46
Қазақстандағы «Лукойл» активтерін ірі мұнай компанияларының бірі сатып алуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Америкалық Chevron компаниясы ресейлік «Лукойлдың» Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Chevron додаға қосылды

Reuters агенттігінің жазуынша, Chevron «Лукойлдың» қазақстандық активтеріне қызығушылық танытып отырған Carlyle және басқа да ықтимал сатып алушылар қатарына қосылмақ. Бұл туралы ақпаратты бірден бес дереккөз растаған. Қазақстандағы «Лукойл» портфелінің жалпы құны шамамен 20 млрд доллар деп бағаланады.

— Дереккөздердің айтуынша, Chevron «Лукойлдың» толық портфелін емес, тек бірлескен жобалардағы үлестерін сатып алу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұған дейін Chevron тарапынан мұндай қызығушылық туралы хабарланбаған, — деп жазады Reuters.

Қазақстандағы Chevron мен «Лукойл» қатар үлеске ие негізгі жобалар — Теңіз (америкалық компанияның «Теңізшевройлдағы» үлесі 50%, «Лукойлдың» үлесі — 5%) және Қарашығанақ (Chevron — 18%, «Лукойл» — 13,5%).

Басқа үміткерлер де бар

Казақстан «Лукойл» үшін басым нарықтардың бірі, бірақ жалғыз емес. Компания әлемдік мұнайдың шамамен 2% өндіреді (оның 0,5% — шетелдегі жобаларында). Ресейлік компанияның Еуропада үш мұнай өңдеу зауыты, әлем бойынша жанармай бекеттерінің кең желісі бар. Сонымен қатар Гана, Мысыр, Ирак, Мексика, Нигерия, Өзбекстандағы ірі кен орындарында үлестері бар. Осы активтердің бәрі әлеуетті сатып алушылардың назарын аудартқаны анық.

Серіктес жаңалықтары