×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Түрмеде отырған белсенді Әйгерім Тілеужан ауруханаға жеткізілді

Бүгін, 10:46
Түрмеде отырған белсенді Әйгерім Тілеужан ауруханаға жеткізілді
Ulysmedia.kz

Белсенді Әйгерім Тілеужан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Азаттық мәліметінше, Алматы әуежайын «Қаңтар оқиғасы кезінде басып алды» деген айып бойынша төрт жылға сотталған белсенді әрі журналист Әйгерім Тілеужанова қорғаушысы мен құқық қорғаушылардың бірнеше мәрте талап етуінен кейін ауруханаға жатқызылды.

Тілеужанованың адвокаты оның денсаулық жағдайы туралы пікір білдіріп, белсенді ақыры ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

- Бүгін ол Өтеген батыр кентіндегі орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Ем қабылдай бастады, дәрігерлер қарап шықты, анализ тапсырып жатыр. Біз талдаулардың нәтижесін күтіп отырмыз. Бүгін дәрігерлермен сөйлестім. Әйгерім, әрине, қолы кісендеулі, палатаның ішінде темір тор да тұр. Денсаулығына шағымдана бастағанына сегіз ай болды. Түрмеде көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасына күмән бар. Өзі қатты арықтап кеткен, көзінің асты көгеріп тұр. Біз өз тарапымыздан да қосымша талдаулар жасатып, тар бейінді мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз, — деді Айнара Айдарханова.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісінде айыпты деп танылып, 4 жылға сотталған еді.

Серіктес жаңалықтары