«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ресейдің «Лукойл» корпорациясының Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ҚМГ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ұлттық компания Қарашығанақ жобасындағы «Лукойл» үлесін сатып алу жөнінде ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
— Бірқатар ақпарат құралдарында «ҚазМұнайГаздың» Қарашығанақ жобасында «Лукойл» үлесін сатып алуы мүмкін деген ақпарат жарияланып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сонымен бірге КМГ серіктестерімен бірлесіп Қарашығанақ жобасына санкциялық шектеулердің ықпалын тұрақты әрі жан-жақты талдап отырады, — деп хабарлады компания.
«Лукойлдың» Қазақстандағы басқа активтері бойынша ҚМГ келіссөз жүргізуі мүмкін бе — бұл туралы ресми мәлімдемеде айтылған жоқ.