×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қазақстанда кімдерге енді несие берілмейтіні белгілі болды

Бүгін, 14:40
Қазақстанда кімдерге енді несие берілмейтіні белгілі болды
Ulysmedia.kz коллажы

24 қарашадан бастап Қазақстанда тұтынушылық кредиттеуге қатысты жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, ай соңында Ұлттық банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қатысты қаулысына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қарапайым тілмен айтқанда — қазақстандықтардың қарызға өмір сүруін азайту мақсатындағы жаңа тыйымдар енгізіледі.

Бірінші өзгеріс — соңғы бір жылда 90 күннен аса мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесі коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке төмендейді. Бұл олардың жаңа несие алуын айтарлықтай қиындатады.

Екінші маңызды өзгеріс — 24 қарашадан бастап кейбір азаматтарға мүлде жаңа несие берілмейді. Бұл тек кепілсіз тұтынушылық несиелерге қатысты. Шектеу мына санаттағы адамдарға қолданылады:

  • банк несиесі бойынша 30 күннен астам немесе микрокредит бойынша 1 күннен астам мерзімі өткен берешегі барлар;

  • 2025 жылғы 1 шілдеден кейін соңғы үш жылда қарыздары толық кешірілгендер;

  • соңғы бір жылда несиесі қайта құрылымдалып, соған қарамастан қарызын уақытында өтей алмағандар.

КОНТЕКСТ

Ұлттық банк пен ҚНРДА соңғы уақытта тұтынушылық несие нарығын қатты бақылауға алды. Мақсат — сұранысты азайту, азаматтардың қайтаруға шамасы келмейтін қарыздарды алуын шектеу және жалпы қарыз жүктемесін төмендету.

Серіктес жаңалықтары