×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ресей әншісі сәтсіз әзілі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

19.01.2023, 11:11
Фото: Ашық дереккөзден

Slava Marlow лақап атымен танылған Ресей әншісі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Слава Марлоу (шын аты — Артем Готлиб) Теймер Фреймінің YouTube-каналында қазақстандықтардың "Аватар-2" фильмін көргеннен кейінгі эмоцияларын пародиялаған кезде Қазақстан тұрғындарын қорлағысы келмейтінін түсіндірді.

"Әңгімедегі ұлт туралы сөздің салмағы жоқ, Мен оған баса назар аударғым келмеді. Бұл жерде біз шығу тегіне қарамастан адамдардың реакциясы туралы айтып отырмыз", - деді Марлоу.

Ол кинотеатрға өзінің қазақстандық жақын досымен бірге барғанын, ол да кино тамашалағандардың "бет-әлпетіндегі ерекшеліктерге назар аударғанын" атап өтті.

"Мен Қазақстанға және оның тамаша халқына қонақжайлығы мен жылулығы үшін қашан да ризамын", - деп қорытындылады Марлоу.

Серіктес жаңалықтары