×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Тоқаев қайтыс болған фельдшерді марапаттады

Бүгін, 19:40
Тоқаев қайтыс болған фельдшерді марапаттады
Әлеуметтік желіден

Жапа шеккендерге жәрдемдесемін деп қайтыс болған фельдшерге сырттай медаль тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Тоғыз қабатты үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы аяқ астынан опырылып түскен. Алғашында жолда кетіп бара жатқан апалы-сіңлі екі әйел мен олардың ағасы ауыр жарақат алған. Бірнеше секундтық айырма өмірді шегіне жеткізген: үйдің қасбеті дүкенге кірмек болған екі әйелдің дәл үстіне құлаған.

Ұлдана оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының құрамында болған еді. Ол жапа шеккендерге жәрдемдесіп жүрген мезетте кондиционер қондырғысының бөлшегі басына құлаған.

Ұлдана Мырзуан жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, 18 қарашада көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары