×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Польша Ресейді қастандық жасады деп айыптап отыр

Бүгін, 23:40
Польша Ресейді қастандық жасады деп айыптап отыр
Ашық дереккөзден

Польшада теміржол апатын ұйымдастырмақ болған украиналықтар Ресей арнайы қызметтерімен байланыста болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Польша премьер-министрі Дональд Тусктің мәлімдеуінше, Ресей арнайы қызметтерімен ынтымақтастық орнатқан екі украин азаматы ел аумағында «теміржол апатын» ұйымдастырмақ болған. Қазіргі уақытта олар Беларусьте жүргені айтылды.

18 қараша күні Польша ІІМ басшысының баспасөз хатшысы Яцек Добжиньский Варшава – Люблин теміржол желісіндегі жарылысқа Ресейдің арнайы қызметтері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл оқиғаны теракт деп атады.

Кейінірек премьер-министр Туск жарылысқа күдікті екі адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, олар теміржол апатын ұйымдастыруды көздеген. Екі күдікті де – Украина азаматтары, Ресейдің арнайы қызметтерімен жұмыс істеген. Тусктің сөзінше, олардың бірі Львов сотымен сырттай диверсия үшін сотталған.

Польша ІІМ басшысы Марчин Кервиньский Polsat арнасында сөйлеген сөзінде қолданылған жарылғыш құрылғы кәсіби түрде жасалғанын және бұл әрекет мұқият жоспарланған операция болғанын айтты. Министр бұл шабуылды бұрынғы диверсиялардан әлдеқайда күрделі деп бағалады. Ол Ресей арнайы қызметтері мұндай операцияларға орындаушыларды интернет арқылы жиі тартып, кейде тәжірибесіз адамдарды да пайдаланып жүргенін еске салды.

ПОЛЬША МЕН УКРАИНАНЫ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

16 қараша күні белгісіз тұлғалар Варшава – Люблин бағытындағы теміржол желісінің бір бөлігін жарылғыш құрылғы арқылы бүлдірген. Бұл әрекет апатқа әкелуі мүмкін еді, алайда ол болдырылмады. Аталған желі Украинаға жүк жеткізу үшін қолданылады.

САРАПШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

GLOBSEC және Халықаралық терроризмге қарсы күрес орталығы (ICCT) сарапшыларының бірлескен есебінде Ресей Еуропалық Одаққа қарсы гибридті соғыс жүргізу үшін агенттік желі құрғаны айтылған. Бұл желіде мемлекеттік органдар мен қылмыстық топтар тығыз байланыста жұмыс істейді.

Сарапшылардың дерегінше, 2022 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың шілдесіне дейін Еуропа аумағында Ресеймен байланысты 110 диверсия мен шабуыл әрекеті тіркелген. Оның 89-ы сәтті жүзеге асқан, ал 21-і алдын алынған.

Есепте барлық оқиғалардың төрттен бірі өрт қою және жарылыс шабуылдарына тиесілі екені көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары