Астана мен Мәскеу ішкі саяси тұрақсыздыққа бағытталған әрекеттерге бірге қарсы тұруға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, 12 қарашада Тоқаев пен Путин стратегиялық әріптестік пен одақтастық туралы декларацияға қол қойған. Құжатта екі ел жаһандық қауіп-қатерлер кезінде бір-бірін қолдауға және мемлекеттердің ішіндегі дестабилизация әрекеттерімен күресуге ниетті екенін растаған.
Саясаттанушының айтуынша, бұл Астанаға Мәскеуден антиқазақстандық әрекеттерді тоқтатуды сұрауға мүмкіндік береді. Яғни Қазақстандағы саяси тұрақтылықты шайқауға бағытталған насихатқа қатысы бар журналистер, белсенділер және басқа да тұлғалар Ресей арнайы қызметтерінің «ерекше бақылауына» түсуі тиіс. Өз кезегінде Ресей де Қазақстанға қоныс аударған ресейліктердің «деструктивті әрекеттері» анықталса, Астанадан көмек сұрай алады.
– Егер қазақстандық тараптың белгілі бір тұлғаға қатысты негізді уәжі болса, ресейліктердің бұл іске қаншалықты ықыласпен кірісетіні декларациядағы осы тармақты қаншалықты маңызды қабылдау керектігін көрсетеді. Сол арқылы сәйкес (симметриялы немесе асимметриялы) практикалық қорытындылар жасауға болады, – дейді Әбішев.