×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының белсендісі Амангелді Жахин ұсталды

Бүгін, 14:51
Тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының белсендісі Амангелді Жахин ұсталды
Фото: bureau.kz

Көкшетауда тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясын құру бойынша комитет басшысы Амангелді Жахин ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Адам құқықтарын қорғау бюросының жазуынша, Жахин 18 қарашада ұсталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның ұсталуына қылмыстық кодекстің 405-бабының 2-бөлігі «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» және 258-бабының 1-бөлігі «экстремизмге байланысты қызметті қаржыландыру» бойынша қозғалған қылмыстық іс себеп болған.

Бұған дейін дәл осы баппен «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі, марафоншы Марат Жыланбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оны құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын» барын жоққа шығарады.

Ұстау кезінде Амангелді Жахиннің өзінің үйінде және ұлының пәтерінде тінту жүргізілген. Тінтулер ведомствоаралық тергеу тобының жетекшісі Шакеновтың 2025 жылғы 13 қазанда Көкшетау қалалық тергеу сотының судьясы Балабеков санкциялаған қаулының негізінде өткізілген. Тінтуден кейін Жахин уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Амангелді Жахин бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол ұзақ уақыттан бері саяси белсенділер мен оппозиция өкілдеріне жасалып жатқан қудалау мен қысымды тоқтатуды талап етіп келеді.

Тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясы әділет министрлігіне 26 рет құжат тапсырған. Бірақ тіркеле алмаған.

 

Серіктес жаңалықтары