×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Жаңа заңның салдары: мыңдаған адам табыссыз қалуы мүмкін

Жаңа заңның салдары: мыңдаған адам табыссыз қалуы мүмкін
pinterest.com

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы келесі жылдан бастап енгізілетін автокөліктерге қатысты шектеулер мәселесіне депутаттық сауал жолдап, қоғамға дабыл қақты. Депутат жаңа норманың экономика мен әлеуметтік тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЗАҢ ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР МЕН САЛАЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕДІ?

Болатбек Нәжметдинұлы мәжіліс отырысындағы сөзін жаңа жылдан бастап күшіне енетін заңды еске салумен бастады. 1 қаңтардан бастап жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті жүкті өзі түсіретін көліктердің қозғалысына тыйым салынады.

- Аталған норма шамамен 36 500 жүкті өзі түсіретін көлікке әсер етеді. Бұл – құрылыс, жол жөндеу, ТКШ, қоқыс пен қар шығару, ЖЭО, энергетикалық инфрақұрылым, су және газ жүйелері, недропайдалану, ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі мен әкімдіктерде қолданылады, – деді депутат. 

Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығына да үлкен әсер болатынын атап өтті. Астық, мақта, тыңайтқыштар, мал азығы және егіннің элеваторларға жеткізілуі көлемі бойынша үлкен, бірақ массасы рұқсат етілген нормадан төмен жүктер тасымалданады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ 

Депутаттың пікірінше, тасымалдаушылардың көпшілігі 2026 жылдан бастап олардың жұмысына заңмен тыйым салынатынын білмейді. 

- Бұл – әсіресе егін жинау науқаны кезінде аграрлық секторға жасалатын өте ауыр соққы, шын мәнінде, апатты жағдай, – деді Нәжметдинұлы. 

Тыйым салу нәтижесінде қыста қарды шығаратын техника болмайды, коммуналдық қызметтер техникалық әлеуетінен айырылады, топырақ, инертті материалдар мен апаттық жөндеу жұмыстарына қажетті жүктер тасымалданбайды, әкімдіктер мемлекеттік тапсырыстарды орындай алмай қалады.

Депутат сондай-ақ қоғамда қос стандарт түсініксіз болып отырғанын атап өтті. 

- Үш осьті шасси тек жүкті өзі түсіретін көліктерде ғана емес, бетон араластырғыш көліктерде, контейнер тасымалдағыштарда, автобустарда да қолданылады. Техникалық тұрғыдан бұл – бірдей көлік, бірақ тыйым тек самосвалдарға ғана салынып отыр. Бұдан бөлек, барлық самосвалдар сертификаттаудан өткен. Олардың басым бөлігі лизингке немесе несиеге алынған, – деді ол. 

Егер эксплуатациясына тыйым салынса, көлік иелері табысынан айырылады, өз міндеттемелерін өтеуге қауқарсыз болады және қарыз тұзағына түседі.

ҰСЫНЫСТАР 

Ауқымды теріс салдардың алдын алу мақсатында депутат келесі ұсыныстарды айтты:

Үкіметтің 38-2-баптың күшін жою немесе тоқтату жөніндегі ресми ұстанымын жариялау;

негізгі салалардың жұмысын тоқырауға ұшыратпау үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі нормативтік акт арқылы 38-2-баптың уақытша қолданылуын тоқтату.

КОНТЕКСТ

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев те бір апта бұрын дәл осындай қауіптің барын айтып, дабыл қаққан еді. Ол сол кезде 2019 жылы дәл осындай тыйым салынғанын айтып, бірақ нәтиже болмағандықтан кейін оның күшi жойылғанын еске салды. Депутаттың пікірінше, бұл мәселені шешу емес, керісінше қолданыстағы нормалардан бас тарту. Әлиевтің айтуынша, жолдардың бұзылуына самосвалдар емес, сапасыз құрылыс себеп. Ол тыйымды алып тастауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары