×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Тұмау тұншықтырап барады - тағы бір өңір онлайн оқуға көшті

Бүгін, 19:10
Тұмау тұншықтырап барады - тағы бір өңір онлайн оқуға көшті
Ашық дереккөзден

Таразда ЖРВИ дерті өршіп, 9 мектеп онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 19–25 қараша аралығында Тараз қаласындағы №2, 10, 11, 18, 19, 26, 35, 52 және 64 мектептер ЖРВИ-мен ауыратын оқушылар санының артуына байланысты қашықтан оқуға ауысады. Бұл шешімді жергілікті билік медициналық мекемелерге түсетін жүктемені азайту және вирустың таралу тізбегін үзу мақсатында қабылдады.

ӘКІМДІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Сабақтар электронды платформалар арқылы жүргізіледі.

Биылғы жылдың 18 қарашасындағы №3406–3414 қаулыларға сәйкес, аталған мектептер бір апта бойы онлайн форматта білім береді, — деп хабарлады әкімдік.

СТАТИСТИКА

Жамбыл облысында ЖРВИ-дің 47 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 60%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда: 115 мыңға жуық адам егілді.

Серіктес жаңалықтары