×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

АҚШ соғысты тоқтатуға дайын: құпия жоспар ашылды

Бүгін, 20:40
АҚШ соғысты тоқтатуға дайын: құпия жоспар ашылды
Ашық дереккөзден

АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтатуға арналған құпия бейбіт жоспары осы аптада мақұлдануы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Politico басылымының хабарлауынша, АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімді осы аптада жариялауы мүмкін. Америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл құжат барлық тараптармен қараша айының соңына дейін келісіліп, ресми түрде ұсынылуы ықтимал.

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

19 қарашада Ақ үйдегі брифингте Politico тілшісі Даша Бернс АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап, келісімнің жақын арада бекітілетінін хабарлады. Вашингтон бұл құжатты Украина президенті Владимир Зеленскийге дайын шешім ретінде ұсынбақ. Шенеуніктер Зеленскийдің майдандағы ауыр жағдай мен жемқорлық дауына байланысты ұсынылған шарттарды қабылдауға мәжбүр болатынын болжайды.

АНКАРАҒА АТТАНДЫ

Politico АҚШ армиясының министрі Дэн Дрисколдың Киевке күтпеген сапарын еске салады. Ол Зеленскиймен кездесуі тиіс болған. Кейін Зеленский Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізу үшін Анкараға аттанды. Сонымен қатар Axios порталы АҚШ пен Ресей Украина бойынша 28 тармақтан тұратын құпия бейбіт жоспарды талқылап жатқанын жазды. Бұл мақсатта Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қазан айының соңында Майамиге барған.

Алайда Politico атап өткендей, Украина мен Еуропа бұл жоспарды әзірлеуге тікелей қатыспаған. Құжатта Ресейдің украин аумақтарын басып алуы, украин балаларын ұрлауы және Украинаға болашақ қауіпсіздік кепілдіктері секілді ең күрделі мәселелер қалай шешілетіні әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары