×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Ресей шабуылынан 25 адам қаза тапты: арасында балалар бар

Бүгін, 21:40
Ресей шабуылынан 25 адам қаза тапты: арасында балалар бар
Ашық дереккөзден

Ресейдің Украинаға жасаған жаңа әуе шабуылы салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Тернопольде көпқабатты үй қирады, Львовта ірі өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей Харьков, Львов, Тернополь және Украинадағы басқа да қалаларға жаппай әуе шабуылдарын жасады. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, кемінде 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Сәрсенбіге қараған түні, 19 қарашада Ресей Украинаға жаңа жаппай соққылар жасады. Әсіресе Харьков, Львов және Тернополь қалалары шабуылға ұшырады. Ел президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина аумағына 470-тен астам соққы дроны мен 48 зымыран, соның ішінде баллистикалық және қанатты зымырандар жіберілген.

Тернопольде ресейлік шабуыл салдарынан көпқабатты тұрғын үй қирады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл үйге Ресейдің Х-101 зымыраны түскен. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының коммуникациялар басқармасының бастығы Юрий Игнат "Киев24" телеарнасының эфирінде хабарлады. Қалаға жасалған шабуылдар кезінде 25 адам қаза тапты, олардың үшеуі — бала. 70-тен астам адам, оның ішінде 15 бала жарақат алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет.

Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, Харьков пен облыстың тағы 8 елді мекені шабуылға ұшыраған. Харьковте 46 адам жараланған, олардың ішінде 9 және 13 жастағы екі қыз бала бар.

Синегубовтың мәліметінше, Харьковтегі дрон шабуылы салдарынан 16 көпқабатты үй, 31 автокөлік, гараж кооперативі, жедел медициналық көмек қосалқы станциясы, супермаркет, 2 троллейбус, әкімшілік және тұрғын емес ғимараттар, сондай-ақ мектеп зақымданған. Купянск ауданында жеке тұрғын үй мен екі көлік, Лозов ауданында теміржол инфрақұрылымы бүлінген.

ЛЬВОВ ОБЛЫСЫНА ЖАСАЛҒАН СОҚҚЫЛАР

19 қараша күні таңертең Львов қаласына жасалған ресейлік соққы салдарынан ірі өрт шықты. Қалада энергетикалық нысан, ағаш өңдеу кәсіпорны және қойма ғимараты зақымданғанын Львов қалалық кеңесінің депутаты Игорь Зинкевич пен Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий хабарлады.

«Львовте қатты өрт. Оны сөндіруге бірнеше сағат қажет болады. Терезелерді жабыңыздар, ауа ластануы мүмкін», — деп жазды Зинкевич Telegram-да.

Облыс бойынша электр қуаты апаттық түрде ажыратылды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ Хмельницкий, Ивано-Франковск, Ровно, Киев, Черкассы, Чернигов, Николаев және Днепропетровск облыстарында да жарылыстар тіркелді. Ресейдің жаңа шабуылдары аясында Украина Энергетика министрлігі бірқатар облыстарда электр қуатын апаттық ажырату режимін енгізгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары