Қыркүйектен бері Қазақстанда 590 тұмау жағдайы тіркелді, олардың басым бөлігі — H3N2 (Гонконг штамы). Бұл штамм дене қызуының күрт көтерілуі, әлсіздік, дене сырқырауы сияқты ауыр белгілермен ерекшеленеді. Қарттар, жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы бар адамдар үшін асқыну қаупі жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
H3N2 бұрыннан белгілі, 1968–1970 жылдары әлемде 1–4 млн адамның өмірін қиған. Қазіргі ауыр жағдай тек вирусқа емес, соңғы жылдары тұмаумен сирек ауырып, иммунитеттің әлсіреуіне де байланысты. COVID-19 кезіндегі шектеулерден кейін «иммундық қарыз» гипотезасы талқылануда — яғни, халықтың маусымдық вирустарға төзімділігі төмендеген.
Тұмау бүкіл әлемде өршіп тұр, Қазақстандағы жағдай да соның бір бөлігі. Штаммды нақты білу көп жағдайда маңызды емес — алғашқы 48 сағатта ем бірдей. Бірақ дәрігерлерге экспресс-тесттер қолжетімді болса, жақсы болар еді. Талдау тек ауыр жағдайларда, қауіп тобына жататындарда және эпидбақылау үшін қажет.
ТҰМАУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Ресми статистика нақты жағдайдан төмен — көп адам үйде емделеді. Бірақ маусымның басталуы мен штаммдардың таралуы туралы түсінік береді.
ВАКЦИНАЦИЯ
Қыркүйектен сәуірге дейін екпе салдыруға болады. Пик желтоқсан–ақпан айларына сәйкес келеді. Бір рет ауырған адам да басқа штамммен қайта ауыруы мүмкін. Поликлиникаларда екпе мерзімі шектеулі, бірақ ақылы орталықтарда көктемге дейін қолжетімді.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР
ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР
БАЛАЛАР ҮШІН