×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Германияда жүрген Мақсат Дүйсенов ісінен депутаттар хабарсыз ба?

Германияда жүрген Мақсат Дүйсенов ісінен депутаттар хабарсыз ба?
Ulysmedia.kz коллажы

Халықаралық іздеу жарияланып, Германияда ұсталған Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновтің ісі қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі. Осыған байланысты Ulysmedia тілшісі парламент депутаттарының пікірін біліп көрді. 

МӘН-ЖАЙ

Депутаттардың бірі Мақсат Дүйсеновті мүлде танымайтынын айтса, енді бірі оны елге экстрадициялау қажет дейді. 

Депутат Мұрат Әбенов Мақсат Дүйсеновті елге қайтару қажет дейді. Оның сөзінше, экс-бас көлік прокуроры қылмыс жасағанына қарамастан өзін «саяси күрескер» ретінде көрсеткісі келеді.

- Экстрадиция жасау керек. Енді қылмысы дәлелденді, көрсетілді. Менің қолымдағы бар ақпаратқа сүйенсек, Германияға барлық құжаттар жіберілді. Ол енді өзін «Мен саяси пікірім үшін, саяси көзқарасым үшін қудаланып жатырмын» деп көрсеткісі келеді. Бірақ мен бұндай адамды саясатта көрген емес, – деді Әбенов. 

Ал депутат Ринат Заитов Мақсат Дүйсенов мүлде танымайтынын айтса, Олжас Құспеков құқық қорғау органдары кінәсін дәлелдесе елге экстадициялау керек деп есептейді. 

- Кімге халықаралық іздеу салса – қайтуы керек, – деді Олжас Құспеков.

КОНТЕКСТ

Мақсат Дүйсеновке 29 тамызда іздеу жарияланған болатын. Қыркүйекте Германияда ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оны Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында неміс құқық қорғау органдары ұстаған. 

Бұған дейін кейбір БАҚ-та «Дүйсенов саяси баспана сұрауы мүмкін» деген ақпарат тараған. Алайда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев ол ақпаратты жоққа шығарған. Ол «Германия  Мақсат Дүйсеновті Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады» деген.

Серіктес жаңалықтары