×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Министр Қосанов сарбаздардың қазасы туралы сұраққа күліп жауап берді

Бүгін, 14:13
Министр Қосанов сарбаздардың қазасы туралы сұраққа күліп жауап берді
Ulysmedia.kz коллажы

Қорғаныс министрі қазіргі кезде армияда мұндай фактілер тіркелмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ulysmedia.kz тілшісі Қорғаныс министрі Дәурен Қосановқа жас қазақстандықтардың әскерде қаза болуы туралы қойған болатын. Алайда ол сұраққа күліп жауап берді. Күліп алғаннан кейін, Қосанов қазіргі уақытта мұндай оқиғалар жоқ екенін айтып, жақында өткен қайтыс болған сарбаздардың аналарының митингі «бұрынғы оқиғаларға» байланысты екенін жеткізді.

— Қойыңызшы? Мен сізге шын айтып тұрмын, бүгінгі күні бізде ондай фактілер жоқ. Ол аналардың оқиғалары өткен жылдары — 2020-2023 жылдары болған. Біз оларды қабылдап жатырмыз. Аналар митингіге шыққан мәселелердің бәрі тергеу жұмыстарына қатысты. Тергеуді ІІМ жүргізіп жатыр, ол Бас әскери прокуратураның бақылауында, — деді ол.

Қосанов биыл маусым ayında Қорғаныс министрі болып тағайындалған.

МИТИНГ

Еске салайық, 10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті

Серіктес жаңалықтары