Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсандағы газ қорының қаншалықты жететінін мәлімдеді. Қордың мөлшері болашақта тек жеті жылға жетуі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда «Тарбағатай Мұнай» газ компаниясы қосымша іздестіру және барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- Болжам бойынша газ қоры тек 7 жылға жетеді. Болашақта Абай, ШҚО және Павлодар облыстарының елді мекендерін газдандыру үшін «Қарталы – Зайсан» магистральдық газ құбыры арқылы перспективалық газдандыру қарастырылуда. Сонымен қатар, үкімет Ресейден газ жеткізу мәселесін де қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде, – деді Сақтағанов.
Қазіргі таңда Зайсан ауданында Сарыбұлақ кен орнынан 10 елді мекенге газ жеткізілген. Дегенмен 2019 жылы жасалған жобада қарастырылған қалған 8 ауылға газ әлі жетпеген.
Еске салсақ, аталмыш компания ұзақ жылдары бойы Қытай газ экспорттап келді. Бірақ, 2022 жылы сол кездегі облыс әкімі Даниал Ахметов Сарыбұлақ газ кен орнынан Қытайға газ экспорты тоқтатылғанын хабарлады. Ахметовтің айтуынша, контракт 1995 жылы жасалып, ол халықаралық келісім бойынша орындалған.