×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Қазақстандық олигархтың футбол клубына қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды

Бүгін, 16:27
Қазақстандық олигархтың футбол клубына қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды
фото: Sputnik / Владислав Воднев

Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубының жаңа иесі ресми түрде белгілі болды — команданы кәсіпкер Сергей Кан сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Клубты инвесторға беру рәсімдері толық аяқталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтқан, деп жазады pkzsk.info. Оның сөзінше, алдағы жылдары командаға бөлінетін мемлекеттік қаражат біртіндеп азаяды.

— 2026–2028 жылдары мемлекет клубқа бөлетін қаржыны кезең-кезеңімен қысқартатын болады. Инвестор жыл сайын шығындарды жабу үшін 1 миллиард теңге көлемінде қаржы салуды жоспарлап отыр. Кейін команда толықтай инвестор есебінен қаржыландырылады, — деді өңір басшысы.

Инфрақұрылым

«Қарасай» стадионы да жаңа иесінің сенімгерлік басқаруына беріледі. Кәсіпкер Сергей Кан нысанның УЕФА стандарттарына сай реконструкцияланғанын, бұл жерде енді еурокубок ойындарын өткізуге мүмкіндік бар екенін айтты. Сонымен қатар инвестор спорттық база салу бойынша міндеттеме алған.

Сергей Кан туралы

Сергей Кан серіктесі Александр Клебановпен бірге Қазақстандағы энергетикалық инфрақұрылымның бір бөлігін басқарады (Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы). Бұл компания жиі сынға ілігеді. 2022 жылы Экибастұз бен Петропавлдағы ЖЭО-лерде үлкен апаттар болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Қондырғылардың тозуына байланысты станциялар жергілікті биліктің қарауына берілді, ал олардың қайта жаңғыртуына бюджеттен орасан қаражат жұмсалды. Forbes Kazakhstan дерегінше, Канның байлығы 470 млн долларды құрайды, ол еліміздегі дәулеттілер рейтингінде 22-орында.

Серіктес жаңалықтары