Белгісіз хакерлік топ Protei компаниясының серверлерін бұзып кіргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қандай әдіспен және нақты қашан шабуыл жасалғаны әзірге айтылмай отыр. Белгілі болғаны — хакерлер шамамен 182 гигабайт көлеміндегі ақпаратты ұрлап кеткен. Оның ішінде бірнеше жылға созылған электронды хат алмасулар да бар.
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
TechCrunch басылымының жазуынша, Protei компаниясы бастапқыда Ресейде құрылғанымен, қазіргі кезде оның бас кеңсесі Иорданияда орналасқан. Компания ондаған елдің телефон және интернет-провайдерлеріне арналған телекоммуникациялық жүйелерді әзірлейді, оған Қазақстан да кіреді.
Protei өнімдеріне видеоконференция платформалары, интернет-қосылу жүйелері, сондай-ақ бақылау және веб-фильтрация құралдары жатады. Соңғысына терең пакет талдауын (DPI) жүргізуге арналған арнайы жабдықтар да кіреді.