×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Венгрия Украинаға қаржылай көмекті тоқтатуды ұсынды

Бүгін, 17:10
Венгрия Украинаға қаржылай көмекті тоқтатуды ұсынды
Ашық дереккөзден

Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Еуропалық Одаққа Украинаға қаржылай қолдауды тоқтатуды ұсынды. Оның бұл мәлімдемесі «Энергоатом» мемлекеттік компаниясына қатысты сыбайлас жемқорлық дауы аясында жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сийяртоның айтуынша, қазіргі жағдайда Украина үшін ахуал қолайсыз болып отыр.

— Украинада әскери топтар мен жемқорлыққа негізделген жүйе жұмыс істейді. Ал Еуррокомиссия төрайымы төлемдерді тоқтатып, дереу қаржылық аудит талап етудің орнына, бұл елге тағы 100 млрд еуро бөлуді көздеп отыр. Бұл — ақылға қонбайтын шешім, — деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ердоған Зеленскиймен кездескеннен кейін Украина мен Ресей арасындағы мәмілені Ыстамбұлда қайта жандандырып, оның аясын кеңейту қажет екенін айтқан болатын

Серіктес жаңалықтары