×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

ШҚО-да қытайлықтар бақылауда: 50 адам елден шығарылды

ШҚО-да қытайлықтар бақылауда: 50 адам елден шығарылды
pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күшіне қатысты қадағалау күшейтілді. Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытай азаматтарының келуі мен кәсіп жүргізуіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, қанша қытайлықтың елден шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сақтағанов сөзін заңнама бойынша Қытай азаматтарының Қазақстанда бір айға дейін визасыз жүре алатынын еске салумен бастады. Облыс аумағында жұмыс визасымен еңбек етіп жүргендер саны шамамен 100-ге жуық.

- Олардың барлығы құзырлы органдардың бақылауында, – деді облыс әкімі.

Дегенмен тексеріс барысында заң талаптарын бұзған 78 қытайлық анықталған. Соның 50-і елден шығарылып, оларға Қазақстанға қайта кіру күрделене түспек. Қалған 28 адамға қатысты да шаралар қолға алынған.

Өңірде Қытаймен бірлескен төрт кәсіпорын жұмыс істейді. Әкімнің сөзінше, соңғы уақытта “шетелдіктер Қазақстан азаматтарының атын пайдаланып, жасырын бизнеc ашып жатыр” деген күдік қоғамда жиі айтыла бастаған. Әкім бұл мәселе бойынша ештеңе назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, әр кәсіпорынды бақылау қолға алынған. 

- Кез келген кәсіпорынның артында кім тұрғанын, капиталдың қайдан келгенін анықтай аламыз. Егер заңбұзушылықтар тіркелсе, тиісті шаралар қабылданады, – деді Сақтағанов.

Серіктес жаңалықтары