×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Маңғыстауда 11 ереуіл тіркелді: еңбек даулары қалай шешіледі

21.11.2025, 00:05
Маңғыстауда 11 ереуіл тіркелді: еңбек даулары қалай шешіледі
Ulysmedia коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы еңбек дауларына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік әлеуметтік шиеленіс қаупі жоғары кәсіпорындарды тұрақты түрде бақылап отырады. Талдау жұмыстары Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы аясындағы скорингтік жүйе арқылы жүргізіледі.

— 1 қарашадағы жағдай бойынша республика бойынша әлеуметтік шиеленіс қаупі жоғары 1800 кәсіпорын мониторингте тұр. Министрлік әрбір жоғары тәуекелді кәсіпорынмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуде, — деді Ахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап 100 мыңнан астам жұмыскерді қамтыған 3200 кәсіпорын жоғары тәуекел аймағынан шығарылған. 2025 жылдың басынан бері қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде елде 55 ұжымдық еңбек дауы шешімін тапқан.

— Қазіргі таңда 95 кәсіпорында тұрақтандыру бойынша нүктелі жұмыс жүргізілуде. Маңғыстау облысында үш сағаттан астам уақытқа созылған 11 ереуіл тіркелді, — деп қосты комитет басшысы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында теміржолшылар қысым мен қоқан-лоқыға шағымданды. "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі оқиғаны "тұрмыстық сипаттағы" жағдай деп атады.Теміржолшылардың мәлімдемесін "Бәсе" арнасы жариялады. Видеода жұмысшылар еңбек құқықтары бұзылғанын мәлімдегеннен кейін өздеріне қоқан-лоқы жасалғанын айтады. Олардың айтуынша, 22 қазанда бөлім бастығы қысқы киім мен өзге де еңбек жағдайы мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерімен жиналыс өткізген.

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Жаңаөзен, қаңтар оқиғалары туралы ойын айтты. Роза Рымбаева наразы жұмысшылар ең әуелі қызмет ететін мекемесіне барып шағымданатынын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары