Қостанай облысының Рудный қаласында көше атауларын қазақшаға ауыстыруға қатысты өткен қоғамдық тыңдалымнан кейін әлеуметтік желіде дау туды. Белсенділер мен тұрғындар Аmanat партиясынан сайланған депутат Валерий Гирфановтың мандатын тапсыруын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Кеше өткен тыңдалымда Иван Франко көшесін — Әлия Молдағұлова, ал 50 лет Октября көшесін — Достық деп өзгерту мәселесі қаралды. Депутаттардың басым бөлігі жаңа атауларды қолдады.
Алайда, жұрттың назарын аударған жайт — депутат Валерий Гирфановтың бұл өзгерістерге «қарсымын» деп дауыс беруі.
НЕГЕ РЕЗОНАНС ТУДЫ?
Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетін:
ПАРТИЯҒА ШАҒЫМ
Желі қолданушысы депутаттың позициясы партия идеологиясына қайшы екенін және беделіне нұқсан келтіретін.
– Қазақ тілін де, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы да қолдамаған депутат қызметтен кетсін!, – делінген жазбада.