×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Назарбаевтың тоқалының ағасы Айдос Есполов ұсталды

22.11.2025, 14:30
Назарбаевтың тоқалының ағасы Айдос Есполов ұсталды
Ulysmedia коллажы

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚазТАГ дереккөзінің хабарлауынша, «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовты ҰҚК Антикор қызметі екі күн бұрын Астанада ұстаған.

Айта кетейік, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның туған ағасы. Оның әкесі — 20 жыл бойы Алматыдағы аграрлық университетті басқарған Тілектес Есполов.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Талғат Ермегияевтің бұрынғы орынбасары Мұрат Омаров Ulysmedia-ға берген сұхбатында ЭКСПО нысандарын салу барысында мердігерлерді Айдос Есполов таңдағанын, сондай-ақ қылмыстық іс аясында экс-бас прокурор Қожамжаровтың рөлі мен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мүдделері туралы айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары