×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Астанада ЛГБТ-белсенді Ардж Тұрсынқан ұсталды

Бүгін, 16:38
Астанада ЛГБТ-белсенді Ардж Тұрсынқан ұсталды
ашық дереккөз

Адам құқығын қорғаушылар Астанада өткен жабық іс-шара кезінде полицейлер ЛГБТ-белсенді Ардж Тұрсынқанды алып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

21 қарашада елордада Education Community атты шара өтті. Ол ЛГБТ жасөспірімдері мен ересектеріне қатысты дискриминация жөніндегі зерттеуге арналған еді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, шара кезінде жиын өтіп жатқан бөлмеге бейтаныс әйел кіріп, кездесуді тоқтатуға тырысқан. Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан оның айғай шығарып, ұйымдастырушылардың бірін балағат сөз айтты деп айыптағаны көрінеді.

«Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының хабарлауынша, осы оқиғадан кейін Тұрсынқан полиция бөліміне жеткізіліп, оған «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

– Оқиғадан кейін іс-шара спикері әрі белсенді Ардж Тұрсынқан ұсталды. Оны полиция бөліміне апарып, “ұсақ бұзақылық” бабымен әкімшілік құқықбұзушылық тіркеді. Кейінгі ақпарат бойынша Ардж уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция кездесу өткізуге заңды құқығы бар жиынды бұзған адамды емес, спикердің өзін денсаулық жағдайына қарамастан  ұстады. Ардж Тұрсынқанды дереу босатуды талап етеміз, – делінген қор мәлімдемесінде.

«Еркіндік Қанаты» сондай-ақ белсенді бұған дейін екі рет инсульт алғанын атап өтті. Оны уақытша ұстау изоляторына қамаған. «Ұсақ бұзақылық» ісі бойынша сот 22 қарашаға белгіленді.

Серіктес жаңалықтары