×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Макрон Трамптың Украинаға қатысты "бейбіт жоспарын" сынға алды

Бүгін, 13:15
Макрон Трамптың Украинаға қатысты "бейбіт жоспарын" сынға алды
АР

Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, Дональд Трамп ұсынған жоспар бойынша Украина өз әскерін қысқартуға мәжбүр болса, Ресей «уәдесін бұзады», деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Макрон Оңтүстік Африкада өткен G20 саммиті аясында журналистерге айтты. Оның сөзінше, АҚШ ұсынған шешім біржақты болып, Еуропа елдерінің мүдделерін есепке алмайды. Ол кез келген бейбіт жоспар «шектеу элементтерін» қамтуға тиіс екенін атап өтті, әйтпесе Ресей келісімді қайта бұзады.

— Егер шектеу болмаса, ресейліктер уәдесін бұзады, – деді Макрон журналистерге.

Француз басшысы сондай-ақ «кеңірек консультациялар» жүргізудің қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, келісім тек Украинаға бейбітшілік беріп қана қоймай, барлық еуропалықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін БАҚ АҚШ президенті Дональд Трамптың 28 тармақтан тұратын соғысты аяқтау жоспарын жариялаған еді. Украинаға өз территорияларының бір бөлігінен бас тарту, әскер санын шамамен 600 000 адамға дейін қысқарту, НАТО-ға кіруден бас тарту және НАТО күштерін өз территориясында орналастыруға тыйым салу ұсынылған.

Украина президенті Владимир Зеленский ел тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі болып отырғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары