Шымкенттік Әсел Ибадулла АҚШ-та осындай жоғары мойындауға ие болған алғашқы қазақ қызы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
digitalbusiness.kz мәліметінше, Әсел қарапайым отбасынан шыққан, ата-анасы кран жүргізушісі мен мектеп мұғалімі. Сегізінші сыныпта ол Назарбаев зияткерлік мектебіне грантпен түсті. Ал тоғызыншы сыныптан кейін арнайы бағдарлама арқылы екі аптаға Бостонға барып, алғаш рет Гарвардты және өзге де беделді университеттерді көріп, шетелде оқуға ынталанған. Назарбаев университетін бітірген соң, ол Йель университетін таңдады.
СТЭНФОРД
2023 жылы Әсел Aspire Admissions жобасын құрды — ол топ университеттерге түсуге көмектесетін бағдарлама. Кейін Гарвардтағы Health Systems Innovation Lab зертханасында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. Осыдан кейін Әсел Стэнфорд университетінің Health Policy Decision Sciences докторантурасына құжат тапсырды.
ШӘКІРТАҚЫ
Биыл бұл бағдарламаға 8,5 мың өтінім түсіп, солардың ішінен бар болғаны екі адам ғана қабылданды. Сол екеудің бірі — Әсел.
Сонымен қатар, ол Knight-Hennessy бағдарламасының жеңімпазы атанған алғашқы қазақстандық болды. Стипендияның жалпы көлемі — 350 млн теңгеге баламалы қаржы. Бұл қаражат Әселдің оқуына және ғылыми жобаларына толық жетеді.