×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

«ЛГБТ-ға тыйым салынбайды»: Жаңбыршин даулы заң бойынша жауап берді

Бүгін, 14:43
«ЛГБТ-ға тыйым салынбайды»: Жаңбыршин даулы заң бойынша жауап берді
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Мәжілістің Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында Қазақстанда ЛГБТ насихатына қатысты жауапкершілік шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутаттың айтуынша, Қазақстан заңнамасы ЛГБТ өкілдерінің қоғамда өмір сүруіне тыйым салмайды: жеке таңдауы үшін ешкімді түрмеге отырғызбайды және айыппұл салынбайды.

Алайда азамат ЛГБТ-ны ашық насихаттап, семинарлар, курстар, акциялар, митингілер өткізсе, ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде рәміздерін таратса — бұл заңмен тыйым салынған.

Депутат жасырын жарнама да осы тыйымға кіретінін атап өтті. Оның сөзінше, кейбір топтар арнайы ойыншықтар, фильмдер, мультфильмдер немесе деректі ленталар арқылы ЛГБТ рәміздерін енгізіп, өз идеяларын жылжытып келген — енді мұндай әрекеттерге заң жүзінде шектеу қойылады.

Сонымен қатар, ол бұл шектеулер жеке азаматтардың жеке өміріне қатысы жоқ екенін бірнеше рет қайталап айтты: заң тек қоғамдық насихатқа бағытталған.

- Біз ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын бұзып жатқан жоқпыз. Мына нәрсені айтқым келеді: ЛГБТ өкілі болуға тыйым салынбаған. Мұны есте сақтаңыздар. Өтінемін, үйіңізде, жұбайыңызбен болыңыз. Үйде не істесеңіз — ол ешкімнің шаруасы емес. Тыйым салынатыны — ЛГБТ насихаты. Насихаттамаңыз. Мен, мысалы, гетеросексуал екенімді насихаттап, митинг жасап жүрген жоқпын, — деді депутат.

КОНТЕКСТ

Қазір Сенат «балаларды дәстүрге сай емес сексуалдық бағдарды насихаттан қорғау» туралы заң жобасын қабылдауға дайындалып жатыр.

Алайда құқық қорғаушылар мен белсенділер бұл заң керісінше, жағдайды ушықтырып, жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішін арттыруы мүмкін деп ескертеді.

Өткен жылы Қазақстанда 139 бала өз-өзіне қол салған — ал жаңа заң мұндай қасіретке тағы бір себеп қосуы ықтимал деп алаңдайды мамандар.

Серіктес жаңалықтары