Заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді және бірқатар шара қабылдауды қарастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Соның ішінде: – көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындауына, таратуына, жалпыға жеткізуіне мүмкіндік беру; – тауар белгілерін тездетіп тіркеуді енгізу.
Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Заң ақылы түрде тіркеу тетігін енгізуде, соның нәтижесінде уақыт 4 айға дейін қысқарады. Бұл тауар белгілерінің иелеріне өз тауарларын нарыққа тезірек шығаруына жағдай жасайды; – тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымдану мерзімін ұлғайту.
Қазіргі уақытта шағымдану мерзімі – 1 ай. Заң бұл мерзімді 2 айға ұлғайтпақ. – авторлар мен құқық иелерінің шағымы бойынша авторлық және сабақтас құқық объектілерін қолдануды әділет органдарының жоспардан тыс тексеруі арқылы мемлекеттік бақылау енгізу көзделген; – ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізілмек.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сенатта шығармашылық пен зияткерлік меншік саласын реттейтін жаңа заң қабылданды. Норманың мақсаты – авторлардың еңбегін қорғау және құқықтық жүйені заманауи талаптарға сай жаңарту. Алайда жаңа ережелер қоғамда, әсіресе өнер адамдары арасында екіұдай пікір туғызды.