×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

«Бүйрегім түсіп кетті» – Бәпи Мұхаммедкәріммен кездескенін айтты

25.11.2025, 00:00
«Бүйрегім түсіп кетті» – Бәпи Мұхаммедкәріммен кездескенін айтты
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қызылорда облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан белсенді Думан Мұхамедкәріммен кездесіп қайтқанын хабарлады. Депутаттың айтуынша, кездесу шамамен екі сағатқа созылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәжіліс депутатының жазбасына сүйенсек, колония әкімшілігі кездесу барысында әкелінген сәлем-сауқатты ешқандай кедергісіз өткізуге рұқсат берген.

«Облыстағы жігіттер дайындап берген күздік соғымнан сыбаға апардым. Колония әкімшілігіне рақмет: басқа да тәтті-мәтті сәлем-сауқатты таразыламай өткізді», – деп жазды депутат.

Оның айтуынша, Думан Мұхамедкәрім соңғы уақытта салмақ жоғалтқан және денсаулығында қиындықтар байқалады.

«Еттің қашуынан екі бүйрегім төмен түсіп кетті. Белім ол сырқырайды. Асқазаным да ауырады…» – деген белсендінің сөзін келтіреді Бәпи.

Сонымен қатар, депутат белсендінің жақында аштық жариялаудан шыққанын айтты.

«Мен келерден бір күн бұрын кезекті аштықтан шығыпты. "Сухой аштық па?" десем: "Жоғ-ә, сұйық ішпесең, үш-төрт күннен кейін крышаң кетіп қалады" деп күледі», – дейді ол.

ТҮРМЕДЕГІ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ

Ермұрат Бәпи белсендінің қазір карцерде отырғанын мәлімдеді. Мұхамедкәрім мекеменің ортақ киімін киуден бас тартқандықтан, ішкі жазаға тартылған.

«Кичасы – карцер, Қызылордаға этаппен келгеннен бергі жалғыз адамдық мекені. Себебі – мекеменің жалпыға ортақ киімін киюден бас тартқан», – деп жазады депутат.

Белсендінің өз сөзіне сүйенсек, ол үкіммен келіспегендіктен түрме киімін киюді дұрыс деп санамайды:

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ЖАЙЛЫ МӘСЕЛЕ

Соңғы уақытта белсендінің камерасына жарылғыш зат лақтырылғаны туралы ақпарат тараған. Бұл жағдай бойынша депутат мекеме басшылығынан түсініктеме сұраған.

«Бұл Думанның төңірегіндегі қоғамдық у-шуды қоздырудың әлдекімдер сырттан ұйымдастырған провакациялық әрекеті», – деген жауапты түрме басшысы бергені мәлімделді.

Ермұрат Бәпи бұл пікірге сенетінін жазды:

ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ

Депутат белсендінің ата-анасының денсаулық жағдайына алаңдап отырғанын да атап өтті.

«Күні-түні жалғыз ұлын уайымдаған анасы мен баласының денсаулығы дімкәс деген хабар естігеннен бері қан қысымы басына шауып жүрген әкесіне мен айтар жағдаяттың жөні қоғамшылдарға қатысты болмаса керек…» – деп аяқтады жазбасын Ермұрат Бәпи.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қамаудағы «саяси тұтқындар» Думан Мұхаммедкәрім мен Әйгерім Тілеужанның адвокаттары мен жақтастары олардың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, баспасөз мәслихатын өткізді. Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмас Тілепов түрмеге парламенттік тексеріс жүргізуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары