Ақтауда құны 300 миллион долларлық жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа теңіз портын Маңғыстау облысында салу жоспарланып отыр. Стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы шығып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.
- Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.
Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны $300 млн-ға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр.