×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Каспий екі бөлікке бөлінеді: Ақтау теңіз портының тағдыры не болмақ?

Бүгін, 13:06
Каспий екі бөлікке бөлінеді: Ақтау теңіз портының тағдыры не болмақ?
Ulysmedia.kz коллажы

Көлік министрлігі Каспийдің ары қарай да таяздануына дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таяздап бара жатқан Каспий теңізі Қазақстанның Транскаспий көлік бағыты арқылы логистиканы дамыту жөніндегі ауқымды жоспарларына кедергі болмайды.

Министрліктің жауабы

– Біз Ақтау мен Құрық теңіз порттарын жаңғырту, Каспийдің түбін тереңдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл шаралар транзит, экспорт және импорт жөніндегі жоспарларымызды орындауға мүмкіндік береді. Экология министрлігімен бірлескен жобалар да бар, олар Каспийдің таяздану процесін бақылауда ұстап отыр, – деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Оның айтуынша, Каспий шамамен 50 жыл бұрын да қатты таяздаған, бірақ кейін қайта толысқан.

– Ғалымдарымыздың қорытындысын күтеміз. Еуропалық зерттеушілер де жұмысқа қосылды. Сондықтан ғылыми тұжырымды күткен дұрыс, – деді ол.

Үкімет отырысында Ақтау және Құрық порттарын жаңғыртуға миллиардтаған теңге көлемінде инвестиция тартылып жатқаны да айтылды.

Каспий қалай игерілмек?

«Ақтау теңіз порты» аумағында контейнерлік хаб салу үшін 19 гектар жер бөлінген. «Порт Ляньюньган» компаниясымен инвестиция тарту жөнінде келісімге қол қойылған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 47,6 млрд теңге. Құрылыстың 2026 жылдың соңында аяқталуы жоспарланып отыр.

Ал Құрық портында «Semurg Invest» компаниясы көпфункциялы «Саржа» теңіз терминалын салып жатыр. Инвестиция көлемі – 98 млрд теңге.

Ulysmedia көлік министрлігіне Каспийдің таяздауы инвесторлардың ауқымды жобаларына қауіп төндірмей ме деген сұрақ қойған. Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, жобалар өзін-өзі ақтап жатыр және тәуекелдер ескерілген.

Ол Каспий акваториясында жүргізіліп жатқан басқа да көлік жобалары туралы айтты. Солардың бірі – Ақтаудағы теңіз вокзалын қалпына келтіру.

– Бұл жобаны біз жеке өзіміз жүзеге асырып жатқан жоқпыз. Бұл – Каспий маңындағы бес мемлекеттің бірлескен бастамасы. Жоба Каспийдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған, – деді Қалиақпаров.

Серіктес жаңалықтары