×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

«Қазақстан кеңестік мұрадан арылып жатыр»: саясаттанушы көше атауларын өзгерту туралы

Бүгін, 17:10
«Қазақстан кеңестік мұрадан арылып жатыр»: саясаттанушы көше атауларын өзгерту туралы
Ашық дереккөзден

Қостанай облысының Рудный қаласында көше атауларын өзгертуге қатысты дау шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, сөз екі көшенің атауын өзгерту туралы бастамаға қатысты. Атап айтқанда, «50 лет Октября» көшесін – «Достық», ал Иван Франко көшесін – Әлия Молдағұлова көшесі деп атау ұсынылған.

– «50 лет Октября» атауы идеологиялық тұрғыдан ескіргені анық. Қазақстан қазір Қазан төңкерісін мемлекеттік маңызы бар дата ретінде мойындамайды, оны ешқандай деңгейде атап өтпейді. Сондықтан бұл атауды өзгерту қисынды. Ал екінші өзгеріс ерекше назар аудартады. Бірнеше жыл бұрын шетелдегі кейбір тұлғалар Қазақстанды «кеңестік мұраны жоюда» деп айыптаған еді. Енді солар осы жағдайды қалай түсіндіреді екен? Яғни патшалық кезеңдегі украин ойшылы Франконың атындағы көшені Кеңес Одағының Батыры (қаза тапқаннан кейін берілген) Әлия Молдағұлованың атына ауыстыруға қарсы бола қоймас, – деді саясаттанушы.

Серіктес жаңалықтары