×
518.4
598.13
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.4
598.13
6.55

Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 26% артқан

Бүгін, 21:10
Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 26% артқан
Ашық дереккөзден

2025 жылдың қаңтарынан қазан айына дейінгі кезеңде Ресейдің әуе шабуылдары Украинада 548 бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда төрттен бірден артық. Мұндай деректер Біріккен Ұлттар Ұйымының Украинадағы адам құқықтарын бақылау миссиясының есебінде келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аталған есепке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Ресейдің әуе шабуылдарынан Украинада 548 адам қаза тауып, 3 592 бейбіт тұрғын жарақат алған. Ал 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш тиісінше 434 және 2 045 адам болған. Демек, бір жыл ішінде Ресейдің қашықтан жасалған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 26 пайызға, жараланғандар саны 75 пайызға артқан.

КИЕВ ПЕН БАСҚА ҚАЛАЛАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Есепте Киевте биылғы алғашқы 10 айдағы бейбіт тұрғындардың қаза болу саны өткен жылдың толық көрсеткішінен төрт есе көп екені айтылған. Украинадағы ірі қалалар – Днепр мен Запорожьеде де бейбіт тұрғындардың қаза болуы айтарлықтай көбейген. Бақылау миссиясы мұны Ресейдің әуе шабуылдарының күшеюімен байланыстырады. Кейбір шабуылдарда бір мезетте 500-ден астам зымыран мен ұшқышсыз аппарат қолданылған.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА СОҚҚЫ

«Адам шығынынан бөлек, тұрғын үйлер мен қоғамдық инфрақұрылым нысандары да жойылып жатыр. Оларды қалпына келтіру жылдарға созылуы мүмкін», – деді Украинадағы БҰҰ адам құқықтарын бақылау миссиясының жетекшісі Даниэль Белл.

Ұйымның есебінде энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соңғы шабуылдар елдің көптеген облыстарында электр қуатының тапшылығына әкелгені, бұл жағдай қыс пен суықтың жақындауына байланысты халықты қиындыққа душар еткені айтылған.

ҚАРТТАР МЕН ӘЙЕЛДЕР

Миссияның қыркүйек айындағы есебіне сәйкес, Украинадағы бейбіт тұрғындардың 69 пайызы алдыңғы шепке жақын аймақтарда қаза болған. Әсіресе Донецк пен Херсон облыстары қатты зардап шегуде. Көп жағдайда шабуыл құрбандары – туған жерін тастап кетуге батылы бармаған қарт адамдар.

Сонымен қатар әйелдер арасындағы шығын да өте жоғары. «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Сабин Фрейзердің айтуынша, 2024 жылдың ақпанынан 2025 жылдың қазанына дейін Украинада кемінде 4 403 әйел және 314 қыз бала қаза тапқан. Ол инфрақұрылым мен көлікке жасалған шабуылдар әйелдерге ерекше ауыр тиетінін атап өтті, себебі олар үйде көбірек уақыт өткізеді және қоғамдық көлікті жиі пайдаланады.

Серіктес жаңалықтары