×
518.68
600.27
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.68
600.27
6.58

Ресейлік шенеуніктердің кесірі қазақстандық оқушыға тиген

Бүгін, 13:13
Ресейлік шенеуніктердің кесірі қазақстандық оқушыға тиген
ЖИ / ulysmedia.kz

Ресейдің Тобыл қаласында Қазақстаннан барған қыз баланың мектепке қабылданбауына қатысты дау туындап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарағандыдан қоныс аударған отбасы 12 жастағы қызын Тобылдағы мектепке орналастырмақ болған. Ресей заңнамасына сәйкес, қыз бала мектепке қабылдану үшін орыс тілінен емтихан тапсыруы керек болған.

ҚАТЕЛІК

Алғашында қызға емтиханды сәтті тапсырғаны хабарланып, мектепке қабылданғаны айтылған. Алайда кейін оған қателік кеткенін жеткізген. Мектепке тек азаматтық алғаннан кейін ғана қабылдайтынын айтқан. Блаженскийлер отбасы үш баласымен тамыз айында Қазақстаннан Тобылға көшіп барған. Отбасы тұрмыста тек орыс тілінде сөйлейді.

Тобылда мен екінші тоқсаннан бері мектепке бармай жүрмін, өйткені орыс тілінен емтихан тапсырдым. Алғашында орыс тілін тапсырдым деп айтты, кейін анама хабарласып, тапсырмағанымды жеткізген. Менің анам — Ресей азаматы, — деді қыз ИА «Регнум» агенттігіне берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары