×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Гонконг тұрғын үйіндегі өрт: кемінде 94 адам қаза тапты

Бүгін, 09:20
Гонконг тұрғын үйіндегі өрт: кемінде 94 адам қаза тапты
Фото: Reuters

Гонконгтың өртке қарсы қызметі жұма күні іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Соңғы 80 жылда болмаған көлемдегі өрт алып тұрғын үй кешенін шарпыған. Апаттан кемінде 94 адам қаза тауып, ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Reuters жазуына қарағанда, жұма таңында өрт сөндірушілер әлі түтіні басылмаған кешенде жұмысын жалғастырып жатқан.

- Жеті ғимараттағы барлық пәтерді бұзып ашуға мәжбүр боламыз. Онда көмекке мұқтаж адамдар қалып қоймағанына көз жеткізуіміз керек, — деді жұма күні таңертеңгі брифингте өрт қызметі басшысының орынбасары Дерек Чан.

Бейсенбі күні ертемен жоғалғандар саны 279 адам деп тіркелген. Бұл дерек бір тәуліктен аса уақыт жаңартылмаған. Чанның айтуынша, әлі де жауап берілмеген 25 шақыру бар. Соның үшеуі соңғы сағаттарда түскен және олар бірінші кезекте қаралады. Құтқарушылар шамадан тыс ыстық, қалың түтін, құлап жатқан құрылыс элементтері мен сынықтарға қарамастан, жоғарғы қабаттарда қалып қоюы мүмкін тұрғындарға жетуге тырысқан.

Жұма таңында денсаулық сақтау басқармасы расталған қаза тапқандар саны 94-ке жеткенін мәлімдеді. Индонезия консулдығының дерегінше, қаза тапқандардың екеуі — Гонконгта үй қызметшісі болып жұмыс істеген Индонезия азаматшалары. Қалада шамамен 368 мың үй қызметкері бар. Олардың басым бөлігі — Азияның кедей елдерінен келген әйелдер. Олар жұмыс берушілердің үйлерінде тұрады.

КОНТЕКСТ

Бұл — 1948 жылдан бергі Гонконгтағы ең адам шығыны көп өрт. Ол кезде қоймадағы тілсіз жаудан 176 адам көз жұмған еді. Биылғы қайғылы оқиға 2017 жылы Лондонда болған Grenfell Tower өртін еске салады. Ол кезде жанғыш қаптама материалдары және құрылыс саласындағы жүйелік қателіктер салдарынан 72 адам қаза болған.

Серіктес жаңалықтары