×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Ресей соғысты Украина Донбастан әскерін шығарған жағдайда ғана тоқтатады

Бүгін, 10:48
Ресей соғысты Украина Донбастан әскерін шығарған жағдайда ғана тоқтатады
Фото: com.tr

Украинаға қарсы соғысты Ресей тек Украина әскері Донбастан шыққан жағдайда ғана тоқтатады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі, 27 қараша күні Бішкектегі сапар қорытындысына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп харбарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Украина әскерлері басып алған аумақтардан кеткенде ғана соғыс қимылдары тоқтайды. Егер шықпаса біз бұған қарулы жолмен қол жеткіземіз», — деді Путин.

Бұдан бөлек, Путин Ресей пропагандасында жиі қайталанатын тезисті тағы айтты: әскери жағдай кезінде өкілеттігін ұзартуға тек Жоғарғы Рада ғана құқылы, ал ел президенті емес.

«Украина басшылығымен құжаттарға қол қоюдың мәні жоқ, олар сайлаудан қорқып, стратегиялық қателік жіберді», — деді Кремль басшысы.

Оның айтуынша, Мәскеу Киевпен «келісімге келгісі келеді», бірақ «құқықтық тұрғыдан бұл қазір мүмкін емес».

Украина президенті Владимир Зеленскийдің бес жылдық өкілеттік мерзімі ресми түрде 2024 жылғы 20 мамырда аяқталды. Алайда президент сайлауы, сондай-ақ Жоғарғы Рада мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауын әскери жағдай кезінде өткізуге тыйым салынған. Бұл «Әскери жағдай құқықтық режимі туралы» заңның 19-бабында нақты жазылған.

Ал Украина Конституциясында әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тікелей тыйым да, міндетті түрде өткізу талабы да жоқ. Конституцияның 108-бабы бойынша, президент жаңа сайланған мемлекет басшысы қызметіне кіріскенге дейін өз өкілеттігін жалғастыра береді.

Украина президенті Владимир Зеленский де осыған дейін Ресеймен соғысты тоқтатуға байланысты келісімге келуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп жақында 28 пунктен тұратын бейбіт келісім жобасын ұсынған. Оның аяғы дауға ұласқан. Сарапшылар мен БАҚ келісім Ресей ұсыныстары негізінде жасалғанын айтқан Ақ үй мұны жоққа шығарып, құжат жасалғанда екі тараппен де келіссөз жүргізілгенін мәлімдеген.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бастапқыда АҚШ әзірлеген, Ресейдің ұсыныстарын да ескерген 28 пунктен тұрат жоспар Вашингтон мен Киев арасындағы келіссөздерден кейін айтарлықтай қысқарған. Украина Мәскеудің үш негізгі талабын қабылдамаған. Олардың қатарында:
— Қарулы күштер санын шектеу;
— НАТО-ға кіруден бас тарту;
— Донбас аумағын босатып беру.

Серіктес жаңалықтары