×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Алматыдағы ірі жол апаты: көпірде төрт көлік соқтығысты

30.11.2025, 14:58
Алматыдағы ірі жол апаты: көпірде төрт көлік соқтығысты
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Алматыда түнде төрт бірдей автокөлік соқтығысты. Жол апаты Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полицияның мәліметінше, Рысқұлов бойымен шығысқа қарай қозғалған Haval көлігінің жүргізушісі автокөлік тізгініне ие бола алмай, әуелі өзімен бағыттас келе жатқан Chery көлігіне соғылған.

Соққыдан кейін Chery қарсы жолаққа ұшып кетіп, тағы екі көлікпен – Audi және Hongqi-мен соқтығысқан.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Апат салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Haval жүргізушісі ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Ал Audi жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық стационарға жеткізілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тауып, бесеуі зардап шеккенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары