×
512.53
592.43
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.53
592.43
6.53

Трамп Украина мен Ресейге қатысты "жақсы жаңалықты" жеткізді

Бүгін, 09:00
Трамп Украина мен Ресейге қатысты "жақсы жаңалықты" жеткізді
Ulysmedia.kz коллажы

АҚШ пен Украина делегациялары Флоридадағы келіссөздерден кейін, Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісім жасауға мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Air Force One ұшағында тілшілердің сұрағына жауап берген Трамп Украина «бірқатар күрделі, бірақ көлемі шағын мәселелерге» тап болып отырғанын атап өтті. Ол мемлекеттік «Энергоатом» компаниясына қатысты туындаған жемқорлық жанжалы елдің жағдайына «пайда әкелмейтінін» жеткізді.

Бұл жайт бейбіт келіссөздерге әсер етуі мүмкін бе деген сұраққа Трамп нақты жауап бермеді. Алайда кейінірек: «Мен келісімге қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар деп санаймын», – деп түйіндеді. 

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ Ресейге соғысты тоқтату жөніндегі «негізгі параметрлерді» ұсынғаны хабарланған. Сонымен қатар, осы аптада Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге баруы күтіледі. Бұған қоса, Трамптың Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен қашан кездесуді жоспарлап отырғаны да белгілі болған еді.

Серіктес жаңалықтары