×
512.53
592.43
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.53
592.43
6.53

Қайта емтихан тапсырады - енді көлік жүргізушілеріне балл беріледі

Бүгін, 20:40
Қайта емтихан тапсырады - енді көлік жүргізушілеріне балл беріледі
Ашық дереккөзден

Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға арнайы балл есептеу жүйесін енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАМАУ

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдарының қатысуымен жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Өз сөзінде Асылов жол-көлік оқиғаларының басты себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін атап өтті. Оның айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде апатқа кінәлілердің 81 пайызы бұрын бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Бұл қайталану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзған, оның ішінде 13 рет жылдамдықты асырған. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып кетіп, өзі және екі жолаушысы қаза тапқан. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанатынын бас прокурор атап өтті.

БАЛЛДЫҚ ЖҮЙЕ ҰСЫНЫСЫ

Ведомство түсіндіргендей, қайталанатын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуды баллдық жүйе арқылы тіркеу ұсынылды. Бұл жүйе цифрлық түрде бекітіліп, тәртіп бұзушыларды дер кезінде анықтап, жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға мүмкіндік береді.

ҚАЙТАДАН ЕМТИХАН ТАПСЫРУ МІНДЕТІ

Белгіленген балл шегіне жеткен жүргізушілер қайтадан емтихан тапсыруға жіберіледі. Бұл шара жүргізушілердің дайындық сапасын арттырып, жолдағы тәртіпті күшейтеді, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КОНЦЕПЦИЯСЫ

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жолдағы тәртіпті арттыру және апат санын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданады. Әсіресе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты енгізілмек.

Серіктес жаңалықтары