Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті. Ол бұл лауазымда сегіз ай жұмыс істеген болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТРЛІКТІҢ РАСТАУЫ
Қор төрағасының отставкаға кеткенін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Жалғыз акционердің шешімімен акционерлік қоғам “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды», – деп хабарлады министрлік.
АКЦИОНЕР ЖӘНЕ ШЕШІМ СЕБЕБІ
Қордың жалғыз акционері – Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл шешімнің себебі туралы министрлік ақпарат берген жоқ. Сондай-ақ жаңа басшының кім болатыны әзірге белгісіз.
ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛУ ТАРИХЫ
Алғашқы жылдары МӘМС қорын Елена Бахмутова басқарды. Ол жүйені енгізу кезеңінде негізгі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Кейін бұл қызметке Айбатыр Жұмағұлов келді.Айдын Құлсейітов 2025 жылдың 2 сәуірінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы болып тағайындалған еді. Бұған дейінгі басшы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кеткеннен кейін бұл орын екі ай бос тұрған. Сол кезеңде алдымен Ғалымжан Әбілов уақытша төраға міндетін атқарды, кейін Светлана Пономарёва бұл қызметті жалғастырды.
ҚОРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қорды басқарған кезде Құлсейітов 2027 жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шамамен 200 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшырайтынын және төрт жыл бойы дефицитпен жұмыс істейтінін айтқан еді. Қорды қайтадан пайдаға шығару тек 2032 жылы жоспарланып отыр. Бұрынғы 1 триллион теңге резервтен қазір қорда небәрі 130 миллиард теңге қалған.