×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Оңтүстік Африкада Украинадағы соғысқа адам тартты деген журналист ұсталды

Бүгін, 08:05
Оңтүстік Африкада Украинадағы соғысқа адам тартты деген журналист ұсталды
Х әлеуметтік желісінен скриншот

Оңтүстік Африка Республикасында мемлекеттік SAfm радиосының 39 жастағы жүргізушісі Нонкулулеко Мантулу қамауға алынды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол төрт сыбайласымен бірге ер азаматтарды Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысуға үгіттеп, оларды шетелге жібермек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметіне қарағанда, журналист анонимді хабарламадан кейін ұсталған. Тергеушілер оның төрт оңтүстікафрикалықты соғысқа жалдағанын анықтаған. Үшеуі БАӘ арқылы Ресейге ұшып кетпек болған кезде әуежайда тоқтатылған. Ал қалған бір адамның Ресей аумағына жетіп үлгеруі мүмкін екені айтылады.

ЖАЗА

ОАР заңдары бойынша, үкімет рұқсатынсыз шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салынған. Сондықтан ұсталған бес адам кепілге шығу мәселесі қаралатын сот тыңдауы өткенше тергеу изоляторында қалады. Тыңдау келесі аптаға белгіленген.

ҰҚСАС ІС

Бұған қоса, полиция бұрынғы президент Джейкоб Зуманың қызы Дудузиле Зума-Самбудлаға қатысты табанды тергеу жүргізіп жатыр. Ол 17 адамға «қауіпсіздік курстары» мен жұмыс ұсынамын деп алдап, ақырында оларды Ресейге жауынгер ретінде жіберді деген айып тағылған. Өткен аптада Зума-Самбудла депутаттық өкілеттігін өз еркімен тапсырды.

Бұған дейін халықаралық Centre for Information Resilience ұйымы оның әлеуметтік желідегі аккаунттары Ресейдің Украинадағы әрекетін қолдайтын материалдарды белсенді таратқанын хабарлаған. Ал өткен айда ОАР билігі Украина шығысында қалып қойған 17 азаматының елге оралуына көмек сұрап жүгінгенін мәлімдеді. Қазір үкімет олардың қалай соғыс аймағына түскенін тексеріп, репатриациялау мәселесімен айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары