Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 13.36-да Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында болған, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылып, тұтанған өрт 100 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 1956 және 1980 жылы туған екі әйелдің денесінің 40-50%-ын күйік шалған, жағдайлары ауыр, реанимация бөлімінде.
1961 жылы туған ер адамның қолы күйген, жағдайы – орташа ауыр.
Ал 2019 жылы туған баланың аяғы мен қолдары күйіп қалған.
ТЖД өрттің толық ауыздықталғанын мәлім етті.