×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Министрлік бензин бағасы туралы мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:45
Министрлік бензин бағасы туралы мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика министрлігі бензин бағасын көтеруге мораторийдің әлі де жалғасып жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

1 желтоқсан күні кейбір АИ-92 маркалы бензиннің бағасының қымбаттағаны туралы хабарлаған едік. Бағасы 239 теңгеден аспауы тиіс бензин Алматыда 241 теңгеге дейін қымбаттаған. Мұндай жағдай Астана мен Шымкентте де тіркелген.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Ведомство АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы 2025 жылдың 16 қазанда бекітілген деңгейде сақталатынын атап өтті.

- Ақпараттық сервистер мен цифрлық карталар деректері бағаны қайта қарау үшін негіз болмайды. Егер нақты жанармай құю бекеттерінде белгіленген бағаның асып кеткені байқалса, уәкілетті органдар әр факті бойынша жеке тексеру жүргізеді, – делінген хабарламада.

Бензин қымбаттағанын байқаған жүргізушілер +7 701 855 02 48 нөмірі бойынша «жедел желіге» хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары