Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "Казцинк" пен "Қазақмысқа" қатысты тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕЛІДЕГІ АҚПАРАТ
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте журналистер БАҚ-та Казцинк акцияларының 70 пайызын қазақстандық құрылыс магнаты Шахмұрат Мұтәліп сатып алғысы келеді деген ақпарат тарағанын, сондай-ақ “Қазақстрой” құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев та “Қазақмысты” сатып алмақ деген ақпарат барын атап өтті.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Министр Нағаспаев бұл ақпараттан хабардар екенін айтты.
- Регламент бойынша компания ақцияларын ауыстыру үшін министрліктің арнайы рұқсаты қажет. Бізде ведомствоаралық комиссия бар. Ол жұмыс істеп тұр. 2 желтоқсандағы жағдай бойынша “Казцинк”, “Қазақмыс” бойынша ешқандай өтініш түскен жоқ. Бірақ егер сондай өтініш түссе біз міндетті түрде қосымша ақпарат береміз, – дейді министр.